Сүре 70 әл-Мә'ариж (Баспалдақтар)
-
عَلَىٰ أَنْ نُبَدِّلَ خَيْرًا مِنْهُمْ وَمَا نَحْنُ بِمَسْبُوقِينَ
Олардың орнына олардан жақсыны ауыстыра аламыз. Сондай-ақ ешкім Бізден оза алмайды.
70:41 -
فَذَرْهُمْ يَخُوضُوا وَيَلْعَبُوا حَتَّىٰ يُلَاقُوا يَوْمَهُمُ الَّذِي يُوعَدُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше оларды қойып қой; оларға уәде етілген күнге дейін сүңгіп ойнай түрсын.
70:42 -
يَوْمَ يَخْرُجُونَ مِنَ الْأَجْدَاثِ سِرَاعًا كَأَنَّهُمْ إِلَىٰ نُصُبٍ يُوفِضُونَ
Сол күнде олар қабырларынан тез шығып, тігулі көмбеге жүгіргендей жүгіреді.
70:43 -
خَاشِعَةً أَبْصَارُهُمْ تَرْهَقُهُمْ ذِلَّةٌ ۚ ذَٰلِكَ الْيَوْمُ الَّذِي كَانُوا يُوعَدُونَ
Олардың көздері төмен қарап, өздерін қорлық басады. Міне осы, оларға уәде етілген күн.
70:44
Аударма: Халифа Алтай