Мусыхаф, бет 313

  1. وَأَنَا اخْتَرْتُكَ فَاسْتَمِعْ لِمَا يُوحَىٰ

    «Сені ұнаттым. Енді уахи етілгендерді тыңда"

    20:13
  2. إِنَّنِي أَنَا اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا أَنَا فَاعْبُدْنِي وَأَقِمِ الصَّلَاةَ لِذِكْرِي

    "Рас Мен Алламын. Менен басқа тәңір жоқ. Сондықтан маған құлшылық қыл. "Сондай-ақ Мені еске алу үшін намазды толық орында."

    20:14
  3. إِنَّ السَّاعَةَ آتِيَةٌ أَكَادُ أُخْفِيهَا لِتُجْزَىٰ كُلُّ نَفْسٍ بِمَا تَسْعَىٰ

    "Әркім істегенінің бодауын алу үшін; Мен мезгілін құпиялаған қиямет анық еледі."

    20:15
  4. فَلَا يَصُدَّنَّكَ عَنْهَا مَنْ لَا يُؤْمِنُ بِهَا وَاتَّبَعَ هَوَاهُ فَتَرْدَىٰ

    "Ендеше, сені; қияметке сенбей, көңілдері тартқанына ілескендер, (қияметке сенуден) тоспасын. Онда жоқ боласың."

    20:16
  5. وَمَا تِلْكَ بِيَمِينِكَ يَا مُوسَىٰ

    Әй Мұса! Оң қолыңдағы не нәрсе?"

    20:17
  6. قَالَ هِيَ عَصَايَ أَتَوَكَّأُ عَلَيْهَا وَأَهُشُّ بِهَا عَلَىٰ غَنَمِي وَلِيَ فِيهَا مَآرِبُ أُخْرَىٰ

    (Мұса Ғ.С.): "Ол таяғым. Оған таянамын. Онымен қойларыма жапырақ қағып беремін әрі онда басқа да істерім бар" деді.

    20:18
  7. قَالَ أَلْقِهَا يَا مُوسَىٰ

    "Әй Мұса! Оны таста!",- деді.

    20:19
  8. فَأَلْقَاهَا فَإِذَا هِيَ حَيَّةٌ تَسْعَىٰ

    Оны тастады. Сонда ол, жылан болып жүрді.

    20:20
  9. قَالَ خُذْهَا وَلَا تَخَفْ ۖ سَنُعِيدُهَا سِيرَتَهَا الْأُولَىٰ

    "Оны үста, қорықпа! Оны әуелгі халына қайтарамыз" деді.

    20:21
  10. وَاضْمُمْ يَدَكَ إِلَىٰ جَنَاحِكَ تَخْرُجْ بَيْضَاءَ مِنْ غَيْرِ سُوءٍ آيَةً أُخْرَىٰ

    "Қолыңды қойныңа тық. Аппақ ақаусыз басқа бір мұғжиза болып шықсын"

    20:22
  11. لِنُرِيَكَ مِنْ آيَاتِنَا الْكُبْرَى

    Саған ірі мүғжизаларымызды көрсету үшін (еді.)"

    20:23
  12. اذْهَبْ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ إِنَّهُ طَغَىٰ

    "Перғауынға бар. Өйткені ол, шектен шыққан."

    20:24
  13. قَالَ رَبِّ اشْرَحْ لِي صَدْرِي

    (Мұса Ғ.С.): "Раббым! Көңлімді кеңейткейсің!",- деді.

    20:25
  14. وَيَسِّرْ لِي أَمْرِي

    "Ісімді оңайластырғайсың!"

    20:26
  15. وَاحْلُلْ عُقْدَةً مِنْ لِسَانِي

    "Тілімнің тұтықпасын шеше көр."

    20:27
  16. يَفْقَهُوا قَوْلِي

    "Олар сөзімді түсінсін!"

    20:28
  17. وَاجْعَلْ لِي وَزِيرًا مِنْ أَهْلِي

    "Маған семыямнан бір уәзір қыл!"

    20:29
  18. هَارُونَ أَخِي

    "Туысым Һарүнды,"

    20:30
  19. اشْدُدْ بِهِ أَزْرِي

    "Ол арқылы арқамды қуатта!"

    20:31
  20. وَأَشْرِكْهُ فِي أَمْرِي

    "Оны істеріме ортақ қыл."

    20:32
  21. كَيْ نُسَبِّحَكَ كَثِيرًا

    "Сені көп дәріптеуіміз үшін."

    20:33
  22. وَنَذْكُرَكَ كَثِيرًا

    "Сені көп еске аламыз."

    20:34
  23. إِنَّكَ كُنْتَ بِنَا بَصِيرًا

    "Күдіксіз Сен бізді көресің."

    20:35
  24. قَالَ قَدْ أُوتِيتَ سُؤْلَكَ يَا مُوسَىٰ

    (Алла): "Әй Мұса! Сенің тілегің берілді" деді.

    20:36
  25. وَلَقَدْ مَنَنَّا عَلَيْكَ مَرَّةً أُخْرَىٰ

    "Негізінде саған басқа да бір рет игілік еткен едік."

    20:37

Аударма: Халифа Алтай