Мусыхаф, бет 451

  1. فَكَذَّبُوهُ فَإِنَّهُمْ لَمُحْضَرُونَ

    Сонда елі оны жасынга шыгарды. Рас олар, жазага келтіріледі.

    37:127
  2. إِلَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ

    Бірақ Алланың ықыласты қүлдары басқа.

    37:128
  3. وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِي الْآخِرِينَ

    Кейінгі нәсілдерге оған (жақсы даңқ) қалдырдық:

    37:129
  4. سَلَامٌ عَلَىٰ إِلْ يَاسِينَ

    "Іляс (Ғ.С.) қа сәлөм."

    37:130
  5. إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ

    Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз.

    37:131
  6. إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُؤْمِنِينَ

    Өйткені, ол сенімді қтлдарымыздан еді.

    37:132
  7. وَإِنَّ لُوطًا لَمِنَ الْمُرْسَلِينَ

    Күдіксіз Лүт (Ғ.С.) елшілерден еді.

    37:133
  8. إِذْ نَجَّيْنَاهُ وَأَهْلَهُ أَجْمَعِينَ

    Сол уақытта оны да семьясын да ттгел қттқардық:

    37:134
  9. إِلَّا عَجُوزًا فِي الْغَابِرِينَ

    Бірақ қалғандардың ішіндегі бір кемпірден басқа.

    37:135
  10. ثُمَّ دَمَّرْنَا الْآخَرِينَ

    Сосынөзгелерін жоқ еттік.

    37:136
  11. وَإِنَّكُمْ لَتَمُرُّونَ عَلَيْهِمْ مُصْبِحِينَ

    Әрине тәңертең, олардан өтіп жтресіңдер.

    37:137
  12. وَبِاللَّيْلِ ۗ أَفَلَا تَعْقِلُونَ

    Әрі ттнде де. Сонда да түсінбейсіңдер мө?

    37:138
  13. وَإِنَّ يُونُسَ لَمِنَ الْمُرْسَلِينَ

    Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді.

    37:139
  14. إِذْ أَبَقَ إِلَى الْفُلْكِ الْمَشْحُونِ

    Сол уақытта ол, толы кемеге қашқан еді. (Еліне кейіп, кемеге барып түскенде; кеме ауырлап, жүре алмай, шар салганда соған шығады. Б.Ж.М.)

    37:140
  15. فَسَاهَمَ فَكَانَ مِنَ الْمُدْحَضِينَ

    Шар салғанда ол, жеңіліске үшырады. (Қарғып теңізге түсті.)

    37:141
  16. فَالْتَقَمَهُ الْحُوتُ وَهُوَ مُلِيمٌ

    Сонда оны балық жүтты. Ол, айыпталған еді.

    37:142
  17. فَلَوْلَا أَنَّهُ كَانَ مِنَ الْمُسَبِّحِينَ

    Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді:

    37:143
  18. لَلَبِثَ فِي بَطْنِهِ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ

    Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді.

    37:144
  19. فَنَبَذْنَاهُ بِالْعَرَاءِ وَهُوَ سَقِيمٌ

    Сонда оны қырға шыгарып, тастадық. Ол науқас еді.

    37:145
  20. وَأَنْبَتْنَا عَلَيْهِ شَجَرَةً مِنْ يَقْطِينٍ

    Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік.

    37:146
  21. وَأَرْسَلْنَاهُ إِلَىٰ مِائَةِ أَلْفٍ أَوْ يَزِيدُونَ

    Оны жүз мың не тағы артыгырақ елге жіберген едік.

    37:147
  22. فَآمَنُوا فَمَتَّعْنَاهُمْ إِلَىٰ حِينٍ

    Сонда олар иман келтірді де бір мерзімге дейін пайдаландырдық.

    37:148
  23. فَاسْتَفْتِهِمْ أَلِرَبِّكَ الْبَنَاتُ وَلَهُمُ الْبَنُونَ

    Енді олардан сүра: "Қыздар Раббыларынікі де, үлдар олардікі ме?

    37:149
  24. أَمْ خَلَقْنَا الْمَلَائِكَةَ إِنَاثًا وَهُمْ شَاهِدُونَ

    Немесе періштелерді үрғашы жаратқанымызға олар куә ме?

    37:150
  25. أَلَا إِنَّهُمْ مِنْ إِفْكِهِمْ لَيَقُولُونَ

    Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта береді:

    37:151
  26. وَلَدَ اللَّهُ وَإِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ

    "Алланың баласы бар" деп, олар мүлде өтірік айтады.

    37:152
  27. أَصْطَفَى الْبَنَاتِ عَلَى الْبَنِينَ

    Алла үлдардан көрі қыздарды артық көре ме?

    37:153

Аударма: Халифа Алтай