Мусыхаф, бет 452

  1. مَا لَكُمْ كَيْفَ تَحْكُمُونَ

    Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер?

    37:154
  2. أَفَلَا تَذَكَّرُونَ

    Түсінбейсіқдер ме?

    37:155
  3. أَمْ لَكُمْ سُلْطَانٌ مُبِينٌ

    Немесе сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма?

    37:156
  4. فَأْتُوا بِكِتَابِكُمْ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ

    Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер.

    37:157
  5. وَجَعَلُوا بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْجِنَّةِ نَسَبًا ۚ وَلَقَدْ عَلِمَتِ الْجِنَّةُ إِنَّهُمْ لَمُحْضَرُونَ

    Олар Алла мен періштелер (Б.Ж.М.К.Р.) арасында үрпақтық байланыс тйғарды. Расында періштвлер; олардың Алланың алдына келтірілетінін біледі. (Немесе Алла мен жын арасында жег-жатшқ гйгарды.)

    37:158
  6. سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ

    Алла (Т.) олардың сипаттауларынан пәк.

    37:159
  7. إِلَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ

    Бірақ Алланың нагыз қүлдары өйтіп сипаттамайды.

    37:160
  8. فَإِنَّكُمْ وَمَا تَعْبُدُونَ

    Сонда сендер де табынған нәрселерің де, (бірлесіп;)

    37:161
  9. مَا أَنْتُمْ عَلَيْهِ بِفَاتِنِينَ

    Сендер Аллаға қарсы бүзақылық шығара алмайсыңдар.

    37:162
  10. إِلَّا مَنْ هُوَ صَالِ الْجَحِيمِ

    Бірақ кім тозаққа түсетін болса, ол басқа.

    37:163
  11. وَمَا مِنَّا إِلَّا لَهُ مَقَامٌ مَعْلُومٌ

    (Періштелер, былай дейді. Б.Ж.): "Бізден орны бөлгіленбеген ешкім жоқ."

    37:164
  12. وَإِنَّا لَنَحْنُ الصَّافُّونَ

    "Шын мәнінде біздер қатарланып түрушыларданбыз."

    37:165
  13. وَإِنَّا لَنَحْنُ الْمُسَبِّحُونَ

    "Әрине Алланы дәріптеушілерденбіз."

    37:166
  14. وَإِنْ كَانُوا لَيَقُولُونَ

    Олар былай дейтін еді:

    37:167
  15. لَوْ أَنَّ عِنْدَنَا ذِكْرًا مِنَ الْأَوَّلِينَ

    "Егер бізде бүрынғыларға түсірілген УГІТ болса еді,"

    37:168
  16. لَكُنَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ

    "Әлбетте Алланың ықыласты қүлдарынан болар едік."

    37:169
  17. فَكَفَرُوا بِهِ ۖ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ

    Сонда олар, келген Кітапқа дереу қарсы шықты. Жақында (нәтижені) біледі.

    37:170
  18. وَلَقَدْ سَبَقَتْ كَلِمَتُنَا لِعِبَادِنَا الْمُرْسَلِينَ

    Расында елші қүлдарымызға сөзіміз бүрын бекіген болатын:

    37:171
  19. إِنَّهُمْ لَهُمُ الْمَنْصُورُونَ

    "Сөз жоқ, оларға жәрдем болады."

    37:172
  20. وَإِنَّ جُنْدَنَا لَهُمُ الْغَالِبُونَ

    "Сөзсіз жеңіске ие болатын біздің әскер."

    37:173
  21. فَتَوَلَّ عَنْهُمْ حَتَّىٰ حِينٍ

    (Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардан бір мезгілге дейін бет бүра түр.

    37:174
  22. وَأَبْصِرْهُمْ فَسَوْفَ يُبْصِرُونَ

    Оларды көре түр, олар да жақында көреді.

    37:175
  23. أَفَبِعَذَابِنَا يَسْتَعْجِلُونَ

    Олар азабымыздың жедел келуін қалай ма?

    37:176
  24. فَإِذَا نَزَلَ بِسَاحَتِهِمْ فَسَاءَ صَبَاحُ الْمُنْذَرِينَ

    Қораларына (азап) түскен кезде, ескерту берілгендердің таңы нендей жаман.

    37:177
  25. وَتَوَلَّ عَنْهُمْ حَتَّىٰ حِينٍ

    Сонда олардан бір уаққа дейін аулақ бол.

    37:178
  26. وَأَبْصِرْ فَسَوْفَ يُبْصِرُونَ

    Тағы оларды байқай түр. Жақында олар көреді.

    37:179
  27. سُبْحَانَ رَبِّكَ رَبِّ الْعِزَّةِ عَمَّا يَصِفُونَ

    Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк.

    37:180
  28. وَسَلَامٌ عَلَى الْمُرْسَلِينَ

    Елшілерге сәлем!

    37:181
  29. وَالْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ

    Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Алла (Т.) ға лайық.

    37:182

Аударма: Халифа Алтай