Сүре 44 ад-Дұхан (Түтін)
-
حم
Ұғымын Алла (Т.) біледі.
44:1 -
وَالْكِتَابِ الْمُبِينِ
Ашық баян етуші Құранға серт.
44:2 -
إِنَّا أَنْزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةٍ مُبَارَكَةٍ ۚ إِنَّا كُنَّا مُنْذِرِينَ
Шын мәнінде оны қүтты бір кеште түсірдік. Расында Біз ескертушіміз. (97-С. 1-А.)
44:3 -
فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ
Ол кеште барлық хикметті істер айрылады.
44:4 -
أَمْرًا مِنْ عِنْدِنَا ۚ إِنَّا كُنَّا مُرْسِلِينَ
БҮЛ өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз.
44:5 -
رَحْمَةً مِنْ رَبِّكَ ۚ إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның игілігі. Күдіксіз Ол, әр нәрсені естуші, толық білуші.
44:6 -
رَبِّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا ۖ إِنْ كُنْتُمْ مُوقِنِينَ
Егер анық сенетін болсаңдар, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы.
44:7 -
لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ يُحْيِي وَيُمِيتُ ۖ رَبُّكُمْ وَرَبُّ آبَائِكُمُ الْأَوَّلِينَ
Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Тірілтеді, өлтіреді. Сендердің де Раббыларың, бұрынғы аталарыңның да Раббы.
44:8 -
بَلْ هُمْ فِي شَكٍّ يَلْعَبُونَ
Бірақ олар, бір күдік ішінде ойнауда.
44:9 -
فَارْتَقِبْ يَوْمَ تَأْتِي السَّمَاءُ بِدُخَانٍ مُبِينٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше аспанның бір ашық түтін келтіретін күнін күт. (Қуаншылықтан аш қалған елдің көздері бүлдырап, жер, көктің бүлыңғыр көрінетін күні. Немесе қиямет белгілері түрінде қаптайтын қара түнек. Б.Ж.М.К.Р.)
44:10 -
يَغْشَى النَّاسَ ۖ هَٰذَا عَذَابٌ أَلِيمٌ
Адамдарды қаптап алады; БҮЛ жан түршігерлік азап.
44:11 -
رَبَّنَا اكْشِفْ عَنَّا الْعَذَابَ إِنَّا مُؤْمِنُونَ
Олар: "Раббымыз! Бізден бүл азапты айықтыр. Шынында иман келтіргенміз."
44:12 -
أَنَّىٰ لَهُمُ الذِّكْرَىٰ وَقَدْ جَاءَهُمْ رَسُولٌ مُبِينٌ
Оларға үгіт алу қайда? Расында оларга ашық түсіндіруші бір Пайғамбар келген.
44:13 -
ثُمَّ تَوَلَّوْا عَنْهُ وَقَالُوا مُعَلَّمٌ مَجْنُونٌ
Сосын олар одан бүрылды да: "Үйретілген бір жынды" деді.
44:14 -
إِنَّا كَاشِفُو الْعَذَابِ قَلِيلًا ۚ إِنَّكُمْ عَائِدُونَ
Расында бейнетті біраз айықтырамыз. Дау жоқ! Сендер қайталайсыңдар.
44:15 -
يَوْمَ نَبْطِشُ الْبَطْشَةَ الْكُبْرَىٰ إِنَّا مُنْتَقِمُونَ
Өте қатты үстаумен үстаған күні, әрине тиісті жазасын береміз.
44:16 -
وَلَقَدْ فَتَنَّا قَبْلَهُمْ قَوْمَ فِرْعَوْنَ وَجَاءَهُمْ رَسُولٌ كَرِيمٌ
Расында бүлардан бүрын Перғауын елін де сынаған едік. Оларға ардақты пайғамбар келген.
44:17 -
أَنْ أَدُّوا إِلَيَّ عِبَادَ اللَّهِ ۖ إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ
"Алланың қүлдарын маған тапсырыңдар. Өйткені мен сендерге сенімді бір Пайғамбармын" деді.
44:18 -
وَأَنْ لَا تَعْلُوا عَلَى اللَّهِ ۖ إِنِّي آتِيكُمْ بِسُلْطَانٍ مُبِينٍ
"Аллаға астамшылық қылмаңдар. Шын иәнінде сендерге ашық дәлелмен келдім."
44:19 -
وَإِنِّي عُذْتُ بِرَبِّي وَرَبِّكُمْ أَنْ تَرْجُمُونِ
"Күдіксіз мен сендердің таспен атуларыңнан Раббыма және сендердің де Раббыларың (Аллаға) сиындым."
44:20
Аударма: Халифа Алтай