Мусыхаф, бет 568
-
فَلَيْسَ لَهُ الْيَوْمَ هَاهُنَا حَمِيمٌ
Сондықтан бүгін мүнда оның бір жанашыры жоқ.
69:35 -
وَلَا طَعَامٌ إِلَّا مِنْ غِسْلِينٍ
Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ.
69:36 -
لَا يَأْكُلُهُ إِلَّا الْخَاطِئُونَ
Оны күнәкарлар ғана жейді.
69:37 -
فَلَا أُقْسِمُ بِمَا تُبْصِرُونَ
Сонда көрген нәрселеріңе серт;
69:38 -
وَمَا لَا تُبْصِرُونَ
Және көрмеген нәрселеріңе де серт.
69:39 -
إِنَّهُ لَقَوْلُ رَسُولٍ كَرِيمٍ
Күдіксіз бүл Қүран ардақты бір Елшінің сөзі. (Елші ойдан шығармайды, міндетін орындайды. Б.Ж.М.)
69:40 -
وَمَا هُوَ بِقَوْلِ شَاعِرٍ ۚ قَلِيلًا مَا تُؤْمِنُونَ
Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер.
69:41 -
وَلَا بِقَوْلِ كَاهِنٍ ۚ قَلِيلًا مَا تَذَكَّرُونَ
Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер.
69:42 -
تَنْزِيلٌ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген.
69:43 -
وَلَوْ تَقَوَّلَ عَلَيْنَا بَعْضَ الْأَقَاوِيلِ
Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса;
69:44 -
لَأَخَذْنَا مِنْهُ بِالْيَمِينِ
Әрине оның оң жағынан қолға алар едік;
69:45 -
ثُمَّ لَقَطَعْنَا مِنْهُ الْوَتِينَ
Сосын оның күре тамырын кесер едік. (Өлтірер едік.)
69:46 -
فَمَا مِنْكُمْ مِنْ أَحَدٍ عَنْهُ حَاجِزِينَ
Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды.
69:47 -
وَإِنَّهُ لَتَذْكِرَةٌ لِلْمُتَّقِينَ
Расында ол Қүран, тақуалар үшін бір насихат..
69:48 -
وَإِنَّا لَنَعْلَمُ أَنَّ مِنْكُمْ مُكَذِّبِينَ
Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз.
69:49 -
وَإِنَّهُ لَحَسْرَةٌ عَلَى الْكَافِرِينَ
Өйткені, ол Қүран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет.
69:50 -
وَإِنَّهُ لَحَقُّ الْيَقِينِ
Шүбәсыз ол Қүран, анық шындық.
69:51 -
فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше үлы Раббыңды атымен дәріпте.
69:52 -
سَأَلَ سَائِلٌ بِعَذَابٍ وَاقِعٍ
Бір сұраушы, болатын бір азапты сүрады. (8-С. 32-А.)
70:1 -
لِلْكَافِرِينَ لَيْسَ لَهُ دَافِعٌ
Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ.
70:2 -
مِنَ اللَّهِ ذِي الْمَعَارِجِ
Ол азап биік дәреже иесі Алладан.
70:3 -
تَعْرُجُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ إِلَيْهِ فِي يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةٍ
Ол жоғаргы орынға періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шыгады.
70:4 -
فَاصْبِرْ صَبْرًا جَمِيلًا
(Мұхаммед Ғ.С.) енді көркем сабырмен сабыр ет.
70:5 -
إِنَّهُمْ يَرَوْنَهُ بَعِيدًا
Олар қияметті үзақ көреді.
70:6 -
وَنَرَاهُ قَرِيبًا
Біз жақын көреміз.
70:7 -
يَوْمَ تَكُونُ السَّمَاءُ كَالْمُهْلِ
Ол күні, аспан еріген кен сияқты болады.
70:8 -
وَتَكُونُ الْجِبَالُ كَالْعِهْنِ
Таулар, түтілген жүндей болады.
70:9 -
وَلَا يَسْأَلُ حَمِيمٌ حَمِيمًا
Дос, достың халін сүрамайды.
70:10
Аударма: Халифа Алтай