Сүре 37 ас-Саффат (Сапқа тізілгендер)

  1. أُولَٰئِكَ لَهُمْ رِزْقٌ مَعْلُومٌ

    Міне бүлар үшін белгілі бір несібе бар.

    37:41
  2. فَوَاكِهُ ۖ وَهُمْ مُكْرَمُونَ

    (Түрлі) жемістер де. Олар қүрметке бөленеді:

    37:42
  3. فِي جَنَّاتِ النَّعِيمِ

    Нығымет бақшаларында,

    37:43
  4. عَلَىٰ سُرُرٍ مُتَقَابِلِينَ

    Дивандардың үстінде ерсілі-қарсылы болады.

    37:44
  5. يُطَافُ عَلَيْهِمْ بِكَأْسٍ مِنْ مَعِينٍ

    Оларга қайнаған көзден кәселер айналдырыла үсынылады.

    37:45
  6. بَيْضَاءَ لَذَّةٍ لِلشَّارِبِينَ

    Ішушілер үшін аппақ, тәтті.

    37:46
  7. لَا فِيهَا غَوْلٌ وَلَا هُمْ عَنْهَا يُنْزَفُونَ

    Ол бас ауыртпайды да әрі иас қылмайды.

    37:47
  8. وَعِنْدَهُمْ قَاصِرَاتُ الطَّرْفِ عِينٌ

    Олардың қасында телмірген ботакөздер бар.

    37:48
  9. كَأَنَّهُنَّ بَيْضٌ مَكْنُونٌ

    Рас олар жарылмаган жүмыртқадай.

    37:49
  10. فَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ يَتَسَاءَلُونَ

    Олар қарама-қарсы отырып, сүрасады.

    37:50
  11. قَالَ قَائِلٌ مِنْهُمْ إِنِّي كَانَ لِي قَرِينٌ

    Олардан бір айтушы: "Расында бір ағайыным бар еді" дейді.

    37:51
  12. يَقُولُ أَإِنَّكَ لَمِنَ الْمُصَدِّقِينَ

    (Ол, маған): "Шын-ақ растаушылардансың ба?',- дейді.

    37:52
  13. أَإِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا أَإِنَّا لَمَدِينُونَ

    "Өліп, топырақ және стйек болсақ та жазаландырыламыз ба?"

    37:53
  14. قَالَ هَلْ أَنْتُمْ مُطَّلِعُونَ

    (деп қасындагыларга): "Оны көргілерің келе ме?",- дейді.

    37:54
  15. فَاطَّلَعَ فَرَآهُ فِي سَوَاءِ الْجَحِيمِ

    Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де:

    37:55
  16. قَالَ تَاللَّهِ إِنْ كِدْتَ لَتُرْدِينِ

    "Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың" дейді.

    37:56
  17. وَلَوْلَا نِعْمَةُ رَبِّي لَكُنْتُ مِنَ الْمُحْضَرِينَ

    "Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине иен де тозаққа келтірілгендерден болар едім."

    37:57
  18. أَفَمَا نَحْنُ بِمَيِّتِينَ

    "Біз өлмейміз бе?"

    37:58
  19. إِلَّا مَوْتَتَنَا الْأُولَىٰ وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِينَ

    "Алгашқы өліміміз ғана. Біз азапқа да душар болмайыз."

    37:59
  20. إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ

    Сөз жоқ, Бұл (жаннат) ірі қол жетушілік. (Бұл сөздерді жаннаттықтар айтады. Ж.Б.М.К.)

    37:60

Аударма: Халифа Алтай