Сүре 37 ас-Саффат (Сапқа тізілгендер)
-
فَإِنَّكُمْ وَمَا تَعْبُدُونَ
Сонда сендер де табынған нәрселерің де, (бірлесіп;)
37:161 -
مَا أَنْتُمْ عَلَيْهِ بِفَاتِنِينَ
Сендер Аллаға қарсы бүзақылық шығара алмайсыңдар.
37:162 -
إِلَّا مَنْ هُوَ صَالِ الْجَحِيمِ
Бірақ кім тозаққа түсетін болса, ол басқа.
37:163 -
وَمَا مِنَّا إِلَّا لَهُ مَقَامٌ مَعْلُومٌ
(Періштелер, былай дейді. Б.Ж.): "Бізден орны бөлгіленбеген ешкім жоқ."
37:164 -
وَإِنَّا لَنَحْنُ الصَّافُّونَ
"Шын мәнінде біздер қатарланып түрушыларданбыз."
37:165 -
وَإِنَّا لَنَحْنُ الْمُسَبِّحُونَ
"Әрине Алланы дәріптеушілерденбіз."
37:166 -
وَإِنْ كَانُوا لَيَقُولُونَ
Олар былай дейтін еді:
37:167 -
لَوْ أَنَّ عِنْدَنَا ذِكْرًا مِنَ الْأَوَّلِينَ
"Егер бізде бүрынғыларға түсірілген УГІТ болса еді,"
37:168 -
لَكُنَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ
"Әлбетте Алланың ықыласты қүлдарынан болар едік."
37:169 -
فَكَفَرُوا بِهِ ۖ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ
Сонда олар, келген Кітапқа дереу қарсы шықты. Жақында (нәтижені) біледі.
37:170 -
وَلَقَدْ سَبَقَتْ كَلِمَتُنَا لِعِبَادِنَا الْمُرْسَلِينَ
Расында елші қүлдарымызға сөзіміз бүрын бекіген болатын:
37:171 -
إِنَّهُمْ لَهُمُ الْمَنْصُورُونَ
"Сөз жоқ, оларға жәрдем болады."
37:172 -
وَإِنَّ جُنْدَنَا لَهُمُ الْغَالِبُونَ
"Сөзсіз жеңіске ие болатын біздің әскер."
37:173 -
فَتَوَلَّ عَنْهُمْ حَتَّىٰ حِينٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардан бір мезгілге дейін бет бүра түр.
37:174 -
وَأَبْصِرْهُمْ فَسَوْفَ يُبْصِرُونَ
Оларды көре түр, олар да жақында көреді.
37:175 -
أَفَبِعَذَابِنَا يَسْتَعْجِلُونَ
Олар азабымыздың жедел келуін қалай ма?
37:176 -
فَإِذَا نَزَلَ بِسَاحَتِهِمْ فَسَاءَ صَبَاحُ الْمُنْذَرِينَ
Қораларына (азап) түскен кезде, ескерту берілгендердің таңы нендей жаман.
37:177 -
وَتَوَلَّ عَنْهُمْ حَتَّىٰ حِينٍ
Сонда олардан бір уаққа дейін аулақ бол.
37:178 -
وَأَبْصِرْ فَسَوْفَ يُبْصِرُونَ
Тағы оларды байқай түр. Жақында олар көреді.
37:179 -
سُبْحَانَ رَبِّكَ رَبِّ الْعِزَّةِ عَمَّا يَصِفُونَ
Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк.
37:180
Аударма: Халифа Алтай