Сүре 37 ас-Саффат (Сапқа тізілгендер)

  1. إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُؤْمِنِينَ

    Өйткені ол, сенуші қтлдарымыздан.

    37:81
  2. ثُمَّ أَغْرَقْنَا الْآخَرِينَ

    Сосын басқаларын суга батырдық.

    37:82
  3. وَإِنَّ مِنْ شِيعَتِهِ لَإِبْرَاهِيمَ

    Күдіксіз Ыбырайым (Ғ.С.) де Нұх (Ғ.С.) тың даңғыл жолында.

    37:83
  4. إِذْ جَاءَ رَبَّهُ بِقَلْبٍ سَلِيمٍ

    Өйткені, Ыбырайым (Ғ.С.) Раббына, ынталы жүрекпен келген еді.

    37:84
  5. إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِ مَاذَا تَعْبُدُونَ

    Сол уақытта әкесіне де еліне де: "Нелерге табынасыңдар?",- деді

    37:85
  6. أَئِفْكًا آلِهَةً دُونَ اللَّهِ تُرِيدُونَ

    "Алладан өзге етірік тәңірлер қалайсыңдар ма?"

    37:86
  7. فَمَا ظَنُّكُمْ بِرَبِّ الْعَالَمِينَ

    "Әлемнің Раббына байланысты не ойларың бар?"

    37:87
  8. فَنَظَرَ نَظْرَةً فِي النُّجُومِ

    Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) жтлдыз жаққа назар аударып:

    37:88
  9. فَقَالَ إِنِّي سَقِيمٌ

    "Мен науқаспын" деді

    37:89
  10. فَتَوَلَّوْا عَنْهُ مُدْبِرِينَ

    Сонда ел одан бтрылган бойда кете берді.

    37:90
  11. فَرَاغَ إِلَىٰ آلِهَتِهِمْ فَقَالَ أَلَا تَأْكُلُونَ

    (Ыбырайым Ғ.С.) олардың тәңірлерінің жанына оңаша барші: "Жемейсіңдер ме?<emphasis>- </emphasis>деді.

    37:91
  12. مَا لَكُمْ لَا تَنْطِقُونَ

    "Неге сөйлемейсіңдер?"

    37:92
  13. فَرَاغَ عَلَيْهِمْ ضَرْبًا بِالْيَمِينِ

    Сонда аңдып барын, оң қолымен ұрды.

    37:93
  14. فَأَقْبَلُوا إِلَيْهِ يَزِفُّونَ

    Олар, оған жүгірісіп келді.

    37:94
  15. قَالَ أَتَعْبُدُونَ مَا تَنْحِتُونَ

    "(Қолмен) жонып, алғандарыңа шоқынасыңдар ма?",- деді.

    37:95
  16. وَاللَّهُ خَلَقَكُمْ وَمَا تَعْمَلُونَ

    "Алла сендерді де жасаған нәрселеріңді де жаратты."

    37:96
  17. قَالُوا ابْنُوا لَهُ بُنْيَانًا فَأَلْقُوهُ فِي الْجَحِيمِ

    Олар: "Ол үшін бір бина жасап, оны отқа тастап жіберіңдер" десті.

    37:97
  18. فَأَرَادُوا بِهِ كَيْدًا فَجَعَلْنَاهُمُ الْأَسْفَلِينَ

    Сонда олар оған бір айлакерлік жасауды ойлады да оларды төмендетіп жібердік.

    37:98
  19. وَقَالَ إِنِّي ذَاهِبٌ إِلَىٰ رَبِّي سَيَهْدِينِ

    (Ыбырайш* Ғ.С.): "Раббым жаққа кетемін. Ол, маған жол көрсетеді" деді.

    37:99
  20. رَبِّ هَبْ لِي مِنَ الصَّالِحِينَ

    "Раббым, маган жақсысынан бір тл бер!"

    37:100

Аударма: Халифа Алтай