Сүре 37 ас-Саффат (Сапқа тізілгендер)
-
لِمِثْلِ هَٰذَا فَلْيَعْمَلِ الْعَامِلُونَ
Ғамал қылуга тиісті.
37:61 -
أَذَٰلِكَ خَيْرٌ نُزُلًا أَمْ شَجَرَةُ الزَّقُّومِ
Осы қонақ асы жақсы ма? Не заққұм ағашы жақсы ма? (Заққүи; тозақтықтарға берілетін улы, сасық бір ағаш ттрі. Сөздік Әлмауарит.)
37:62 -
إِنَّا جَعَلْنَاهَا فِتْنَةً لِلظَّالِمِينَ
Рас заққүм агашын залымдарға сүмдық қылдық.
37:63 -
إِنَّهَا شَجَرَةٌ تَخْرُجُ فِي أَصْلِ الْجَحِيمِ
Рас ол, тозақтың түбінде шығатын бір ағаш.
37:64 -
طَلْعُهَا كَأَنَّهُ رُءُوسُ الشَّيَاطِينِ
Оның қауашақтары, шайтандардың бастары сияқты. (Өте жаман бейнеде деген тғымда. Б.Ж.М.К.Р.)
37:65 -
فَإِنَّهُمْ لَآكِلُونَ مِنْهَا فَمَالِئُونَ مِنْهَا الْبُطُونَ
Сондай-ақ олардан жеп, қарындарын толтырады.
37:66 -
ثُمَّ إِنَّ لَهُمْ عَلَيْهَا لَشَوْبًا مِنْ حَمِيمٍ
Сосын оларға қайнап түрған судан сусын беріледі.
37:67 -
ثُمَّ إِنَّ مَرْجِعَهُمْ لَإِلَى الْجَحِيمِ
Сосын олардың қайтар жерлері әлбетте тозақ болады.
37:68 -
إِنَّهُمْ أَلْفَوْا آبَاءَهُمْ ضَالِّينَ
Рас олар, аталарын адасқан түрде тапқан болатын.
37:69 -
فَهُمْ عَلَىٰ آثَارِهِمْ يُهْرَعُونَ
Сонда олар, аталарының ізінше жүгіре берді.
37:70 -
وَلَقَدْ ضَلَّ قَبْلَهُمْ أَكْثَرُ الْأَوَّلِينَ
Олардан бүрын, алгашқылардың көбі адасқан еді.
37:71 -
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا فِيهِمْ مُنْذِرِينَ
Расында олардың ішіне де ескертуші жіберген едік.
37:72 -
فَانْظُرْ كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُنْذَرِينَ
Ескертілгендердің соңының не болғанын бір көр!
37:73 -
إِلَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ
Бірақ Алланың ықыласты қүлдары басқа.
37:74 -
وَلَقَدْ نَادَانَا نُوحٌ فَلَنِعْمَ الْمُجِيبُونَ
Расында Нүх (Ғ.С.) Бізге жалбарынды. Біз нендей жақсы қабылдаушыиыз!
37:75 -
وَنَجَّيْنَاهُ وَأَهْلَهُ مِنَ الْكَرْبِ الْعَظِيمِ
Оны да семьясын да зор қиыншылықтан қүтқардық.
37:76 -
وَجَعَلْنَا ذُرِّيَّتَهُ هُمُ الْبَاقِينَ
Нұх (Ғ.С.) тың трпақтарын қалдырдық. (Жалғасты түрде өрбіттік.)
37:77 -
وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِي الْآخِرِينَ
Оны кейінгілерге дәріптеттік.
37:78 -
سَلَامٌ عَلَىٰ نُوحٍ فِي الْعَالَمِينَ
Нұх (Ғ.С.) қа бткіл әлемнен сәлем болсын.
37:79 -
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ
Рас Біз, ізгі іс істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.
37:80
Аударма: Халифа Алтай