Сүре 26 аш-Шұғара (Ақындар)
-
فَلَمَّا تَرَاءَى الْجَمْعَانِ قَالَ أَصْحَابُ مُوسَىٰ إِنَّا لَمُدْرَكُونَ
Екі топ бірін-бірі көрген сәтте, Мұса (Ғ.С.) ның жолдастары: "Сөз жоқ, қолға түстік" деді.
26:61 -
قَالَ كَلَّا ۖ إِنَّ مَعِيَ رَبِّي سَيَهْدِينِ
(Мұса Ғ.С.): "Әсте, шынында Раббым бізбен бірге. Маған жол көрсетеді" деді.
26:62 -
فَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ مُوسَىٰ أَنِ اضْرِبْ بِعَصَاكَ الْبَحْرَ ۖ فَانْفَلَقَ فَكَانَ كُلُّ فِرْقٍ كَالطَّوْدِ الْعَظِيمِ
Мұса (Ғ.С.) ға: "Таяғыңмен теңізді ұр!",- деп уахи еттік. Сонда (теңіз) жарылып, әр бөлімі асқар таудай болды.
26:63 -
وَأَزْلَفْنَا ثَمَّ الْآخَرِينَ
Артқыларды да сол жерге жақындаттық.
26:64 -
وَأَنْجَيْنَا مُوسَىٰ وَمَنْ مَعَهُ أَجْمَعِينَ
Мұса (Ғ.С.) ны да онымен бірге болған адамдардың барлығын құтқардық.
26:65 -
ثُمَّ أَغْرَقْنَا الْآخَرِينَ
Сосын басқаларды суға батырдық
26:66 -
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ
Әрине бұнда ғибрат бар. Сонда да олардың көбі нанбады.
26:67 -
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ
Расында Раббың Ол, аса үстем, тым мейірімді.
26:68 -
وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ إِبْرَاهِيمَ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның Қиссасын баян ет;
26:69 -
إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِ مَا تَعْبُدُونَ
Сол уақытта ол әкесіне, еліне: "Неменеге табынасыңдар?",- деді.
26:70 -
قَالُوا نَعْبُدُ أَصْنَامًا فَنَظَلُّ لَهَا عَاكِفِينَ
Олар: "Бұттарға шоқынамыз, оларға мүлде мүлгудеміз" деді.
26:71 -
قَالَ هَلْ يَسْمَعُونَكُمْ إِذْ تَدْعُونَ
(Ыбырайым Ғ.С.): "Олар шақырғандарыңда ести ме?",- деді.
26:72 -
أَوْ يَنْفَعُونَكُمْ أَوْ يَضُرُّونَ
"Немесе олар сендерге пайда, зиян келтіре ала ма?"
26:73 -
قَالُوا بَلْ وَجَدْنَا آبَاءَنَا كَذَٰلِكَ يَفْعَلُونَ
Олар: "Жоқ, аталарымызды осылай істеген түрде таптық" деді.
26:74 -
قَالَ أَفَرَأَيْتُمْ مَا كُنْتُمْ تَعْبُدُونَ
"Ал енді неменеге табынғандарыңды көрдіңдер ме?",- деді.
26:75 -
أَنْتُمْ وَآبَاؤُكُمُ الْأَقْدَمُونَ
"Сендер де бұрынғы аталарың да."
26:76 -
فَإِنَّهُمْ عَدُوٌّ لِي إِلَّا رَبَّ الْعَالَمِينَ
"Әлемдердің Раббынан басқа, олар менің дұшпаным."
26:77 -
الَّذِي خَلَقَنِي فَهُوَ يَهْدِينِ
"Ол, мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді."
26:78 -
وَالَّذِي هُوَ يُطْعِمُنِي وَيَسْقِينِ
"Ол, маған жегізеді де ішкізеді."
26:79 -
وَإِذَا مَرِضْتُ فَهُوَ يَشْفِينِ
"Ол, қашан ауырсам, маған шипа береді."
26:80
Аударма: Халифа Алтай