Сүре 26 аш-Шұғара (Ақындар)
-
لَا يُؤْمِنُونَ بِهِ حَتَّىٰ يَرَوُا الْعَذَابَ الْأَلِيمَ
Күйзелтуші азапты көргенге дейін оған сенбейді.
26:201 -
فَيَأْتِيَهُمْ بَغْتَةً وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ
Азап Оларға, олар сезбеген түрде кенеттен келеді.
26:202 -
فَيَقُولُوا هَلْ نَحْنُ مُنْظَرُونَ
Сонда олар: "Бізге бір мұрса берілер ме екен?",- дейді.
26:203 -
أَفَبِعَذَابِنَا يَسْتَعْجِلُونَ
Ал сонда олар: Азабымыздың тездетілуін тілей ме?
26:204 -
أَفَرَأَيْتَ إِنْ مَتَّعْنَاهُمْ سِنِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.): Көрдің бе? Оларды жылдарша қамтамасыз етсек те,
26:205 -
ثُمَّ جَاءَهُمْ مَا كَانُوا يُوعَدُونَ
Сонсоң Оларға уәде етілген апат келсе;
26:206 -
مَا أَغْنَىٰ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يُمَتَّعُونَ
Оларды пайдаланған нәрселері қорымайды.
26:207 -
وَمَا أَهْلَكْنَا مِنْ قَرْيَةٍ إِلَّا لَهَا مُنْذِرُونَ
Бір кентті жоқ еткен болсақ, әлбетте олар үшін ескертуші болған;
26:208 -
ذِكْرَىٰ وَمَا كُنَّا ظَالِمِينَ
Ескерту берілген. Зұлымдық қылушы емеспіз.
26:209 -
وَمَا تَنَزَّلَتْ بِهِ الشَّيَاطِينُ
Бұл Құранды шайтандар түсірмеді.
26:210 -
وَمَا يَنْبَغِي لَهُمْ وَمَا يَسْتَطِيعُونَ
Оларға лайық та емес. Шамалары да келмейді. (17-С. 88-А.)
26:211 -
إِنَّهُمْ عَنِ السَّمْعِ لَمَعْزُولُونَ
Рас олар тыңдаудан мүлде ұзақтастырылған. (15-С. 17-18-А)
26:212 -
فَلَا تَدْعُ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ فَتَكُونَ مِنَ الْمُعَذَّبِينَ
(Мұхаммед Р.С.) Алламен бірге тәңір шақырма. Онда сен де азапқа ұшыраушылардан боласың.
26:213 -
وَأَنْذِرْ عَشِيرَتَكَ الْأَقْرَبِينَ
Жақын ағайындарыңа ескерт!
26:214 -
وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِمَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ
Мүміндерден саган ергендерге қанатыңды жай.
26:215 -
فَإِنْ عَصَوْكَ فَقُلْ إِنِّي بَرِيءٌ مِمَّا تَعْمَلُونَ
Сонда егер олар өзіңе қарсы шықса, онда: "Сендердің істегендеріңнен бездім" де.
26:216 -
وَتَوَكَّلْ عَلَى الْعَزِيزِ الرَّحِيمِ
Өте үстем, ерекше мейірімді Аллаға тәуекел ет.
26:217 -
الَّذِي يَرَاكَ حِينَ تَقُومُ
Ол, сені тіке түрған сәтте, көріп тұрады;
26:218 -
وَتَقَلُّبَكَ فِي السَّاجِدِينَ
Сәжде қылушылардың арасында айналып жүргеніңді де. Түңгі (Тәһажжүт намазына тұруыңды да басқа да тәһажжүт намазына тұргандарға айналуыңды да немесе жеке не жамағатпен тіке тұрып, рүкүғ, сәждеге көшіп, намаз оқуыңды Алла көреді. Ж.Б.М.К.Р.)
26:219 -
إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Рас Ол Алла, әр нәрсені естуші, білуші.
26:220
Аударма: Халифа Алтай