Сүре 26 аш-Шұғара (Ақындар)

  1. إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ لُوطٌ أَلَا تَتَّقُونَ

    Сол уақытта туыстары Лұт (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді.

    26:161
  2. إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ

    "Мен сендерге сенімді бір Елшімін."

    26:162
  3. فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ

    "Енді Алладан қорқыңдар да маған бой ұсыныңдар."

    26:163
  4. وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ

    "Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті."

    26:164
  5. أَتَأْتُونَ الذُّكْرَانَ مِنَ الْعَالَمِينَ

    "Дүниеде (қатындар тұрып,) еркектерге қосыласыңдар ма?"

    26:165
  6. وَتَذَرُونَ مَا خَلَقَ لَكُمْ رَبُّكُمْ مِنْ أَزْوَاجِكُمْ ۚ بَلْ أَنْتُمْ قَوْمٌ عَادُونَ

    "Раббыларыңның сендер үшін жаратқан әйелдеріңді тастайсыңдар ма? Сендер асқынған елсіңдер."

    26:166
  7. قَالُوا لَئِنْ لَمْ تَنْتَهِ يَا لُوطُ لَتَكُونَنَّ مِنَ الْمُخْرَجِينَ

    Олар: "Әй Лұт! Егер тыйылмасаң, әлбетте (жұрттан) шығарыласың" десті.

    26:167
  8. قَالَ إِنِّي لِعَمَلِكُمْ مِنَ الْقَالِينَ

    Лұт (Ғ.С.): "Әрине мен сендердің қылықтарыңнан жиіркенемін." деді.

    26:168
  9. رَبِّ نَجِّنِي وَأَهْلِي مِمَّا يَعْمَلُونَ

    "Раббым, мені, семьямды бұлардың қылықтарынан құтқар!"

    26:169
  10. فَنَجَّيْنَاهُ وَأَهْلَهُ أَجْمَعِينَ

    Сонда оны да үй-ішін де тұтас құтқардық.

    26:170
  11. إِلَّا عَجُوزًا فِي الْغَابِرِينَ

    Жоқ болатындардың ішіндегі кемпірден басқа.

    26:171
  12. ثُمَّ دَمَّرْنَا الْآخَرِينَ

    Сосын қалғандарды да жоқ еттік.

    26:172
  13. وَأَمْطَرْنَا عَلَيْهِمْ مَطَرًا ۖ فَسَاءَ مَطَرُ الْمُنْذَرِينَ

    Оларға жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры нендей жаман!

    26:173
  14. إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ

    Рас бұнда бір ғибрат бар.

    26:174
  15. وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ

    (Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың тым үстем, ерекше мейірімді.

    26:175
  16. كَذَّبَ أَصْحَابُ الْأَيْكَةِ الْمُرْسَلِينَ

    Әйке елі де елшілерді жасынға айналдырды.

    26:176
  17. إِذْ قَالَ لَهُمْ شُعَيْبٌ أَلَا تَتَّقُونَ

    Сол уақытта оларға, Шұғайып (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді.

    26:177
  18. إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ

    "Рас мен сендерге сенімді бір елшімін."

    26:178
  19. فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ

    "Енді Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар."

    26:179
  20. وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ

    "Сендерден бұған ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті."

    26:180

Аударма: Халифа Алтай