Сүре 26 аш-Шұғара (Ақындар)
-
وَلَا صَدِيقٍ حَمِيمٍ
"Жан күйер достымыз да жоқ."
26:101 -
فَلَوْ أَنَّ لَنَا كَرَّةً فَنَكُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ
"Әттең! Қайтарылсақ, иман келтіргендерден болар едік."
26:102 -
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ
Рас осы да бір ғибрат бар. Дегенмен олардың көбі иман келтірмеді.
26:103 -
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.) расында Раббың тым үстем, аса мейірімді.
26:104 -
كَذَّبَتْ قَوْمُ نُوحٍ الْمُرْسَلِينَ
Нұх (Ғ.С.) тың елі де пайғамбарларды жасынға айналдырды.
26:105 -
إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ نُوحٌ أَلَا تَتَّقُونَ
Сол уақытта, олардың туысы Нұх (Ғ.С.): "қорықпайсыңдар ма?",- деді.
26:106 -
إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ
"Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін."
26:107 -
فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ
"Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар."
26:108 -
وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ
"Бұған Сендерден ақы сұрамаймын, менің ақым әлемдердің Раббына тән."
26:109 -
فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ
"Алладан қорқып, маған бағынындар."
26:110 -
قَالُوا أَنُؤْمِنُ لَكَ وَاتَّبَعَكَ الْأَرْذَلُونَ
Олар: "Саған қор кісілер ерді деп, иман келтірейік пе?",- десті.
26:111 -
قَالَ وَمَا عِلْمِي بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
(Нұх Ғ.С.): "Олардың не істегендерін білмеймін" деді.
26:112 -
إِنْ حِسَابُهُمْ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّي ۖ لَوْ تَشْعُرُونَ
"Егер сеэетін болсаңдар, олардың есебі Раббыма тән."
26:113 -
وَمَا أَنَا بِطَارِدِ الْمُؤْمِنِينَ
"Иман келтіргендерді қумаймын."
26:114 -
إِنْ أَنَا إِلَّا نَذِيرٌ مُبِينٌ
"Сондай-ақ мен ашық бір ескертушімін."
26:115 -
قَالُوا لَئِنْ لَمْ تَنْتَهِ يَا نُوحُ لَتَكُونَنَّ مِنَ الْمَرْجُومِينَ
Олар: "Әй Нұх! Егер тыйылмасаң, әрине таспен атқыланғандардан боласың" деді.
26:116 -
قَالَ رَبِّ إِنَّ قَوْمِي كَذَّبُونِ
"Раббым! Рас мені, елім жасынға шығарды" деді.
26:117 -
فَافْتَحْ بَيْنِي وَبَيْنَهُمْ فَتْحًا وَنَجِّنِي وَمَنْ مَعِيَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ
"Енді менімен олардың арасына нақ үкім бер! Мені де, мені мен бірге мүміндерді де құтқар!"
26:118 -
فَأَنْجَيْنَاهُ وَمَنْ مَعَهُ فِي الْفُلْكِ الْمَشْحُونِ
Сонда оны да онымен бірге болғандарды да толы кемеде құтқардық.
26:119 -
ثُمَّ أَغْرَقْنَا بَعْدُ الْبَاقِينَ
Сосың, кейін қалғандарды суға батырдық.
26:120
Аударма: Халифа Алтай