Сүре 26 аш-Шұғара (Ақындар)
-
هَلْ أُنَبِّئُكُمْ عَلَىٰ مَنْ تَنَزَّلُ الشَّيَاطِينُ
Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе?
26:221 -
تَنَزَّلُ عَلَىٰ كُلِّ أَفَّاكٍ أَثِيمٍ
Олар әрбір өтірікші, күнәкарға түседі.
26:222 -
يُلْقُونَ السَّمْعَ وَأَكْثَرُهُمْ كَاذِبُونَ
Олар шайтандарға құлақ салады. Олардың көбі өтірікші.
26:223 -
وَالشُّعَرَاءُ يَتَّبِعُهُمُ الْغَاوُونَ
Ақындарға азғындар ереді.
26:224 -
أَلَمْ تَرَ أَنَّهُمْ فِي كُلِّ وَادٍ يَهِيمُونَ
Рас олардың ойпаттарда қаңғып, жүргенін көрмедің бе?
26:225 -
وَأَنَّهُمْ يَقُولُونَ مَا لَا يَفْعَلُونَ
Рас олар істемеген істерін айтады.
26:226 -
إِلَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَذَكَرُوا اللَّهَ كَثِيرًا وَانْتَصَرُوا مِنْ بَعْدِ مَا ظُلِمُوا ۗ وَسَيَعْلَمُ الَّذِينَ ظَلَمُوا أَيَّ مُنْقَلَبٍ يَنْقَلِبُونَ
Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргеннен кейін кек алғандар басқа. Ол зұлымдық қылғандар, жақында қалай айналдырылатындарын біледі. (Бұл мүмін ақындар; Ғабдолла Рауаха ұлы, Хасан Сабит ұлы, Кәгап Закір ұлы, Кәғап Малік ұлы. Б.М.Р.)
26:227
Аударма: Халифа Алтай