Сүре 26 аш-Шұғара (Ақындар)
-
وَالَّذِي يُمِيتُنِي ثُمَّ يُحْيِينِ
"Ол, мені өлтіреді де сонсоң тірілтеді."
26:81 -
وَالَّذِي أَطْمَعُ أَنْ يَغْفِرَ لِي خَطِيئَتِي يَوْمَ الدِّينِ
"Ол сондай Алла, киямет күні қателерімді жарылқауын үміт етемін."
26:82 -
رَبِّ هَبْ لِي حُكْمًا وَأَلْحِقْنِي بِالصَّالِحِينَ
"Раббым маған даналық беріп, мені игілерге қоса көр!"
26:83 -
وَاجْعَلْ لِي لِسَانَ صِدْقٍ فِي الْآخِرِينَ
"Мені кейінгі нәсілдердің тілінде де шынайы үлгі қыла көр!"
26:84 -
وَاجْعَلْنِي مِنْ وَرَثَةِ جَنَّةِ النَّعِيمِ
"Мені, нығметті жаннаттьің мұрагерлерінен қыл!"
26:85 -
وَاغْفِرْ لِأَبِي إِنَّهُ كَانَ مِنَ الضَّالِّينَ
"Әкемді жарылқа! Өйткені ол, адасушылардан." (9-С. 114-А.)
26:86 -
وَلَا تُخْزِنِي يَوْمَ يُبْعَثُونَ
"Қабырдан тұратын күні мені мүңайтпа!"
26:87 -
يَوْمَ لَا يَنْفَعُ مَالٌ وَلَا بَنُونَ
"Ол күні, мал да балалар да пайда бермейді."
26:88 -
إِلَّا مَنْ أَتَى اللَّهَ بِقَلْبٍ سَلِيمٍ
"Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана (пайда береді.)"
26:89 -
وَأُزْلِفَتِ الْجَنَّةُ لِلْمُتَّقِينَ
Тақуаларға жаннат жақындатылады.
26:90 -
وَبُرِّزَتِ الْجَحِيمُ لِلْغَاوِينَ
Азғындарға тозақ көрсетіледі.
26:91 -
وَقِيلَ لَهُمْ أَيْنَ مَا كُنْتُمْ تَعْبُدُونَ
Оларға: "Табынатындарың қайда?",- делінеді.
26:92 -
مِنْ دُونِ اللَّهِ هَلْ يَنْصُرُونَكُمْ أَوْ يَنْتَصِرُونَ
"Алладан өзгелер, сендерге жәрдем ете ме? Яқи өздеріне жәрдем ете ала ма?"
26:93 -
فَكُبْكِبُوا فِيهَا هُمْ وَالْغَاوُونَ
Табынылгандар да азғындар да тозаққа етбетінен құлатылады;
26:94 -
وَجُنُودُ إِبْلِيسَ أَجْمَعُونَ
Ібілістің әскерлері де тұтас.
26:95 -
قَالُوا وَهُمْ فِيهَا يَخْتَصِمُونَ
Олар онда былай деп таласады:
26:96 -
تَاللَّهِ إِنْ كُنَّا لَفِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
"Аллаға серт, адасқан-ақ екенміз ғой!"
26:97 -
إِذْ نُسَوِّيكُمْ بِرَبِّ الْعَالَمِينَ
"Сендерді Әлемнің Раббына теңеуші едік."
26:98 -
وَمَا أَضَلَّنَا إِلَّا الْمُجْرِمُونَ
"Бізді күнәкарлар-ақ адастырган екен."
26:99 -
فَمَا لَنَا مِنْ شَافِعِينَ
"Енді біздің ешбір шапағатшымыз жоқ."
26:100
Аударма: Халифа Алтай