Сүре 26 аш-Шұғара (Ақындар)

  1. أَوْفُوا الْكَيْلَ وَلَا تَكُونُوا مِنَ الْمُخْسِرِينَ

    "Өлшеуді толықтаңдар да кемітушілерден болмаңдар."

    26:181
  2. وَزِنُوا بِالْقِسْطَاسِ الْمُسْتَقِيمِ

    "Тура таразымен тартыңдар."

    26:182
  3. وَلَا تَبْخَسُوا النَّاسَ أَشْيَاءَهُمْ وَلَا تَعْثَوْا فِي الْأَرْضِ مُفْسِدِينَ

    "Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер (кісі хақысы жемеңдер) де жер жүзінде бұзақы болып, жүрмеңдер."

    26:183
  4. وَاتَّقُوا الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالْجِبِلَّةَ الْأَوَّلِينَ

    "Сендер және бұрыңғы нәсілдерді жаратқан Алладан қорқыңдар."

    26:184
  5. قَالُوا إِنَّمَا أَنْتَ مِنَ الْمُسَحَّرِينَ

    Олар: "Сен анық жадыланғансың." деді.

    26:185
  6. وَمَا أَنْتَ إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُنَا وَإِنْ نَظُنُّكَ لَمِنَ الْكَاذِبِينَ

    "Сен біз құсаған ғана адамсың. Әрі сені өтірікшілерден деп, ойлаймыз."

    26:186
  7. فَأَسْقِطْ عَلَيْنَا كِسَفًا مِنَ السَّمَاءِ إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ

    "Егер шын айтушылардан болсаң, онда үстімізге аспанның бір кесегін түсір."

    26:187
  8. قَالَ رَبِّي أَعْلَمُ بِمَا تَعْمَلُونَ

    (Шұғайып Ғ.С.): "Раббым не істегендеріңді тағы жақсы біледі."

    26:188
  9. فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَهُمْ عَذَابُ يَوْمِ الظُّلَّةِ ۚ إِنَّهُ كَانَ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ

    Сонда олар оны жасынға шығарды да оларды түнек күннің апаты қолға алды. Рас ол, ірі бір күннің апаты еді.

    26:189
  10. إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ

    Рас бұнда бір ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді.

    26:190
  11. وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ

    (Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді.

    26:191
  12. وَإِنَّهُ لَتَنْزِيلُ رَبِّ الْعَالَمِينَ

    Күдіксіз бұл Құран әлбетте әлемдердің Раббының түсіргені.

    26:192
  13. نَزَلَ بِهِ الرُّوحُ الْأَمِينُ

    Оны сенімді РҰХ (Жебрейіл) келтірді.

    26:193
  14. عَلَىٰ قَلْبِكَ لِتَكُونَ مِنَ الْمُنْذِرِينَ

    Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды.

    26:194
  15. بِلِسَانٍ عَرَبِيٍّ مُبِينٍ

    Ап-ашық бір арап тілінде.

    26:195
  16. وَإِنَّهُ لَفِي زُبُرِ الْأَوَّلِينَ

    Рас ол, бұрынғылардың кітаптарында да бар еді.

    26:196
  17. أَوَلَمْ يَكُنْ لَهُمْ آيَةً أَنْ يَعْلَمَهُ عُلَمَاءُ بَنِي إِسْرَائِيلَ

    Израил ұрпақтарының ғалымдарының бұны білулері, олар үшін бір дәлел болмай ма? (28-С. 52-55-А.)

    26:197
  18. وَلَوْ نَزَّلْنَاهُ عَلَىٰ بَعْضِ الْأَعْجَمِينَ

    Егер ол Құранды араптан басқа бір бөгдеге түсірсек те;

    26:198
  19. فَقَرَأَهُ عَلَيْهِمْ مَا كَانُوا بِهِ مُؤْمِنِينَ

    Ол, бүны оларға оқыса да олар оған және сенбес еді.

    26:199
  20. كَذَٰلِكَ سَلَكْنَاهُ فِي قُلُوبِ الْمُجْرِمِينَ

    Осылайша Құранды күнәкарлардың жүректеріне қойдық. (Б.Р.) (Немесе күнәкарлардың жүректеріне қарсылық салдық. Ж.М.К.)

    26:200

Аударма: Халифа Алтай